Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Республикасындағы микробиология және вирусология салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жетекші ғылыми ұйым болып табылады. Орталық жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлаудың маңызды базасы ретінде қызмет атқарады және ғылыми зерттеулерді жүргізу, инновациялық қызметті дамыту, сондай-ақ ғылыми білім мен технологияларды тарату арқылы қоғамның өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қосады.
2013 жылдан бастап Орталықта мамандандырылған «Микробиология және вирусология» ғылыми журналы жарық көреді. Журналдың бас редакторы – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Бас директоры, академик А.Қ. Саданов. 2022 жылдан бастап журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБСҚК) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілді. 2026 жылғы маусым айынан бастап журнал ҒЖБСҚК ұсынған ғылыми басылымдардың 1-тізіміне енгізілді.
«Микробиология және вирусология» ғылыми журналында микробиология, вирусология, биотехнология және экология салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша шолу мақалалары, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен ғылыми әзірлемелерді тәжірибеге енгізу жөніндегі материалдар жарияланады.
  • Орталықтың миссиясы – озық ғылыми зерттеулер жүргізу, заманауи биологиялық препараттарды әзірлеу, өндіру және оларды нарыққа шығару. Біз инновациялық технологияларды енгізуге, отандық биологиялық өнімдердің жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, биотехнология ғылымының, денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуге, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық экономиканың тұрақты өсуіне үлес қосуға ұмтыламыз.
  • Орталық қызметінің негізгі бағыты микробиология және вирусология салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, медицинаға, ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және қоршаған ортаны қорғауға арналған микробтық және вирустық препараттарды әзірлеу және оларды өндіріске енгізу, сондай-ақ микробиология және вирусология салалары үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау болып табылады.
  • Орталық қызметінің негізгі стратегиялық бағыты – денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған микробиология, вирусология және биотехнология салаларындағы озық ғылыми зерттеулерді дамыту болып табылады.
  • Орталықтың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
    ·      металдардың микробиологиялық трансформациясы механизмдерін зерттеу және микроорганизмдерді пайдалана отырып, ауыр металдардан тазарту технологияларын әзірлеу;
    ·      су айдындарын, топырақты және өнеркәсіптік ағынды суларды мұнаймен ластанудан микробиологиялық тазартуға арналған технологиялар мен бактериялық препараттарды әзірлеу;
    ·      өсімдіктерді микробиологиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
    ·      адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларындағы ішек инфекциялары мен дисбиоздың алдын алу және емдеуге арналған пробиотикалық препараттарды әзірлеу;
    ·      жаңа антибиотиктерді іздестіру және зерттеу, белгілі антибиотиктер продуценттерінің белсенділігін арттыру;
    ·      өнеркәсіптік маңызы бар микроорганизмдер штамдарын ұзақ мерзім сақтаудың ғылыми негіздерін зерттеу, биологиялық белсенді заттардың белсенділігін арттыру, микроорганизмдер коллекциясының қорын сақтау және толықтыру;
    ·      Қазақстан Республикасы аумағында адам, жануарлар және құстар тұмауы вирустарының, парамиксовирустар мен коронавирустардың айналым ерекшеліктерін зерттеу;
    ·      адамнан, жануарлардан және құстардан тұмау вирустарын, парамиксовирустар мен коронавирустарды бөліп алу, оларға вирусологиялық, молекулалық және филогенетикалық талдау жүргізу, вирустардың жануарлар мен құстардан адамға берілу механизмдерін зерттеу, сондай-ақ эпидемиялық маңызы бар жаңа вирустық штамдардың пайда болу мүмкіндігін бағалау;
    ·      вирустық инфекцияларды иммунологиялық және молекулалық диагностикалау әдістерін жетілдіру, вирустық инфекцияларды жедел анықтауға арналған жетілдірілген тест-жүйелерді әзірлеу;
    ·      вирустардың және олардың құрылымдық компоненттерінің жасушалық құрылымдар мен ағзаларға патогендік әсер ету механизмдерін зерттеу;
    ·      молекулалық технологиялар мен нанотехнологияларды пайдалана отырып, жаңа буын вирусқа қарсы вакциналарды әзірлеу;
    ·      вирусқа қарсы вакциналардың тиімділігін арттыруға арналған жаңа иммундық жүйені ынталандыратын препараттар мен адъюванттарды әзірлеу;
    ·      вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеуге арналған өсімдік және микробтық текті жаңа вирусқа қарсы емдік және профилактикалық препараттарды әзірлеу.

ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің құрылымына екі ғылыми бөлім – Микробиология бөлімі және Вирусология бөлімі кіреді. Микробиология бөлімінің құрамында бес зертхана, ал Вирусология бөлімінің құрамында төрт зертхана жұмыс істейді. Аталған зертханалар Орталық қызметінің бейініне сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.
Орталықтың материалдық-техникалық базасы микробиологиялық, вирусологиялық, генетикалық, молекулалық-биологиялық және физика-химиялық зерттеулердің кең ауқымын жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық ғылыми жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Орталық штатында 132 қызметкер жұмыс істейді, олардың қатарында 8 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, 18 философия докторы (PhD) және 48 магистр бар. Қазіргі уақытта Орталық базасында 19 PhD докторанты мен 6 магистрант білім алуда. Ұжымның елеулі бөлігін жас ғалымдар құрайды: 85 маманның жасы 40 жасқа дейін.
Зертханалар
Алматы, Бөгенбай батыр көш., 105
дс – жм 8:30 - 17:30
"Микробиология және вирусология" журналы
Микроорганизмдер жиынтығы
Біздің препараттар
Жаңалықтар

«Микробиология және вирусология» журналының 2 (2025) санына мақалалар жинағы жалғасуда


«Микробиология және вирусология» журналы 2022 жылғы наурыздан бастап ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 22.10.2022 ж. № 48 бұйрығымен ұсынған басылымдар тізбесіне кіреді.


Журнал микробиология, вирусология, биотехнология және экология салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу бойынша айтарлықтай кең ауқымды тақырыптағы материалдарды, сонымен қатар ғылыми әзірлемелерді және жаңа биопрепараттарды енгізудің нәтижелерін жариялайды. Журнал веб-сайтына сілтеме https://imv-journal.kz .


Журналға мақала жариялау үшін ақы төленеді. Бір беттің бағасы 3000 теңге.


Қазақстандық ғалымдармен ынтымақтастығы жоқ авторлар және/немесе шетелдік авторлар ұжымдары үшін жариялау ТЕГІН!

Толығырақ

"LACTO-AC" ОТАНДЫҚ СУСЫНЫ САТЫЛЫМДА

"Микробиология және вирусология ғылыми орталығы" ЖШС әзірлеген "Lacto AS" сүт сарысуы негізінде жоғары қоректік және биологиялық құнды отандық сусын "Ғылым қоры" АҚ қаржыландыруымен 17 ақпаннан бастап сатылымда" Амиран " базасында өндіріске енгізілді

Made on
Tilda